Мектептерде информатика пәнін бірінші сыныптан бастап оқыту мәселесі қарастырылып жатыр, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәжілістегі үкімет сағатында.
"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінде көп бағдарламалар бірінші сыныптап бастап оқытылады. Бізде информатика пәні мектепте бесінші сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл үшінші сыныптан басталады. Сонымен қатар 1-5 сыныптарда информатика пәніндегі программалау тілдері қайта қарастырылатын болады. Программалау тілдері тез өзгеріп отырады. Сондықтан біздің балалар ең соңғы программалармен оқуы керек болып тұр", — деді Е.Сағадиев.
Сонымен қатар, "информатиканы оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір жоба жасалып, әрі қарай бұл мәселе қоғам мен мұғалімдермен талқыланатын болады", — деді министр.